Бөлімдер
1-бөлім. Мектепті дамыту тұжырымдамасы
Білім беру ұйымы өз қызметі барысында Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы негізгі нормативтік-құқықтық актілерді жəне өзінің стратегиялық құжаттарын басшылыққа алады. Білім беру ұйымы білім беру сапасын қамтамасыз етеді жəне барлық жүйелердің жұмыс істеуіне жүргізілген мониторинг негізінде даму басымдықтарын айқындайды. Білім беру ұйымының негізгі стратегиялық құжаты өзін-өзі дамыту əлеуетін ескере отырып, заманауи мемлекеттік білім беру саясаты аясындағы дамудың негізгі бағыттарын айқындайтын Мектептің даму бағдарламасы болып табылады.
2-бөлім. Көшбасшылық және басқару
Білім беру ұйымындағы көшбасшылық пен басқару Білім беру ұйымын дамытуға және бірлескен кәсіби қоғамдастық құруға бағытталған. Білім беру ұйымы басшылары біліктілік талаптарына сай болуы, стратегиялық жоспарлау мен білім беру мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, басқарушылық құзыреттілік пен көшбасшылық қабілеттерін көрсетуі тиіс.
3-бөлім. Білім беру ресурстары
Білім беру ұйымының оқу бағдарламалары және жоспары МЖБС-ға және үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес келеді. Білім беру ұйымы оқушылардың оқу бағдарламаларына кедергісіз қол жеткізуіне, өзекті білім беру ресурстарымен жеткілікті түрде қамтамасыз етілуіне кепілдік беруі тиіс. Білім беру ресурстары оқу бағдарламаларының талаптарына, білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттарына, оқушылардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың жəне оқу процесінің басқа да қатысушыларының қажеттіліктеріне сәйкес келеді.
4-бөлім. Білім беру процесі
Білім беру ұйымы сапалы білім беру қызметтерін ұсынады. Білім беру сапасын қамтамасыз ету оқушыларда қазіргі жəне болашақ өмірге қажетті іргелі жəне функционалдық білімді, білік пен дағдыларды, жалпы адамзаттық жəне əлеуметтік-тұлғалық құндылықтарды қалыптастыру арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Дағдылары, дарыны əртүрлі немесе ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың мүдделеріне ерекше назар аудару қажет.
5-бөлім. Білім беру ортасы
Білім беру ұйымы территория ұсынады, материалдық базаны, сондай-ақ даму басымдықтарына сəйкес мақсаттарға қол жеткізуге, оқу бағдарламасын орындауға жəне оқушылардың оңтайлы дамуына ықпал етуге мүмкіндік беретін көмекші жүйелер мен қызметтерді қамтамасыз етеді. Территория техникалық қызмет көрсету, тазалық, денсаулық, қауіпсіздік және қорғау бойынша жоғары стандарттарға сәйкес келеді, бұл нормативтік құжаттар мен тиімді рәсімдер арқылы қолдау табады.
6-бөлім. Мектеп қоғамдастығы
Білім беру ұйымы кадрларды іріктеу жəне қабылдау процесінің əділдігі мен ашықтығын, біліктілікті арттыруды жəне кəсіби құзыреттілікті дамытуды қамтамасыз етуі тиіс. Білім беру ұйымы өзінің педагогтерінің құзыреттілігіне жауап береді жəне мұғалімдердің үздіксіз кəсіби дамуына ықпал етеді, бұл оқыту мен оқудың сапасына тікелей əсер етеді. Оқушылардың тұлғалық дамуы мен өсуіне, олардың белсенді əрекетін ұйымдастыруға, ата-аналарды білім беру процесіне жұмылдыруға қолайлы жағдай жасалады. Білім беру ұйымы білім беру процесінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету және оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында бизнес, билік, түрлі қоғамдық институттар мен құрылымдар, жергілікті қоғамдастық өкілдерімен серіктестік орнатып, оны əрі қарай дамытады.