Аккредиттеудің мақсаты - білім беру ұйымының білім беру қызметтерінің белгіленген стандарттарға сәйкестігін оның тұрақты дамуы, бәсекеге қабілеттілігін арттыру және сенімді нығайту бойынша ұсыныстар беру арқылы бағалау.

Міндеттері:

білім беру ұйымының қызметкерлерін білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін олардың жауапкершілігін қолдау мақсатында аккредиттеу процесі бойынша ақпараттандыру және дайындау;
білім беру ұйымының үздіксіз дамуын қамтамасыз ететін сенімді және ашық бағалау рәсімдерін жүргізу;

объективті бағалау мен шешім қабылдау үшін деректерді кешенді жинау және оларды талдау;

білім беру қызметтерінің сапасын арттырудың тиімді механизмдерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін кері байланыс беру