«Ауыл мектептерінің өркендеуі – қоғам игілігінің кепілі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мен нидерландылық Халықаралық мектептер кеңесінің (CIS) арасында меморандумға қол қойылды.



«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ – IAEA (Білім беруді бағалау жөніндегі халықаралық қауымдастық) және AEA-Europe (Еуропалық білім берудегі бағалау қауымдастығы) сияқты жетекші халықаралық білім беру қауымдастықтарының мүшесі. Институционалдық деңгейде бұл қауымдастықтар халықаралық байланыстар мен ынтымақтастық орнайтын форум құрайды, өз мүшелеріне пікірталастар мен зерттеулер жүргізу үшін бағалау саласында идея, білім мен жаңалықтар алмасатын алаң ұсынады. Аталмыш қауымдастыққа білім беру мекемелері, зерттеу орталықтары және тиісті мемлекеттік құрылымдар мүше.

