
Аккредиттеу (лат. accredo, «сенім білдіру») — ұсынылатын білім беру қызметтері сапасының халықаралық деңгейде мойындалған стандарттар жиынтығына сәйкестігін растауға арналған бағалау үдерісі.
«Білім туралы» ҚР заңынан: Білім беру ұйымдарын аккредиттеу – білім беру қызметтерінің сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны арттырудың тиімді тетіктерінің бар екенін растау мақсатында аккредиттеу органының белгіленген аккредиттеу стандарттарына (талаптарына) сәйкестігін тану рәсімі.
Аккредиттеудің мақсаты — мектептер ұсынатын білім беру қызметтері сапасының халықаралық деңгейде мойындалған стандарттар жиынтығына сәйкестігін растау.
Оқушылар мен ата-аналар үшін
- оқу жағдайларының қауіпсіздігі мен алынатын білім беру қызметтерінің сапасы бойынша кепілдіктің болуы
- мектептің дамуы туралы сенімді ақпарат алу
- мектептің даму бағытын анықтауға қатысу
- аттестатты шетелдік ЖОО-лардың мойындауы
- жетекші шетелдік ЖОО-лардың ауқымды дерекқорына қолжетімділік және оқушылардың оқуға түсу мүмкіндігі

Мектеп үшін

- мектептің өз қызметінің нәтижелері үшін жауапкершілігінің артуы;
- мектеп қызметінің тиімділігі мен ұсынылатын білім беру қызметтері сапасының сырттай мойындалуы;
- мектептің әрі қарайғы дамуының басымдылықтарын анықтау үшін мықты және әлсіз тұстар туралы сарапшылық қорытынды алу;
- оқушылар, ата-аналар мен жұртшылық тарапынан мектепке деген сенімнің артуы;
- мектеп имиджінің жақсаруы және бәсекеге қабілеттіліктің артуы;
- кәсіби бағдарлау мүмкіндіктері мен аккредиттелген университеттермен коммуникациялардың артуы;
- халықаралық аккредиттелген мектептермен серіктестік;
- барлық мүдделі тұлғаларды мектепті басқару мен дамытуға жұмылдыру.
Қоғам мен өкілетті органдар үшін
- бәсекеге қабілетті мамандарға қол жеткізу мақсатында оқушыларды сапалы білім беру қызметтерімен қамтамасыз ету;
- білім беру жүйесінің әрі қарайғы дамуы бойынша шешім қабылдау үшін сенімді ақпарат алу;
- сапалы білім беру қызметтерін ұсынуда мықты әлеуеті бар мектептерді анықтау;
- мектептің даму бағыттарын анықтауға қатысу."
